Каир қаласында өткен БРИКС-тің азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестік мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында бірлестіктің астық биржасын құру жобасы қаралды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, астық биржасын құру бастамасы БРИКС елдерінде астық саудасының ашық әрі бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті реттеудің ұлтүстілік тәжірибесін ескере отырып, биржаның бірыңғай жұмыс ережелерін әзірлеуге бағытталған.
Жобаның алғашқы кезеңінде негізгі астық дақылдарымен сауда жасау жоспарланса, болашақта функционалы басқа салаларға да кеңейтілмек.
Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович: “Биржаны құру астық нарығын неғұрлым әділ әрі болжамды етуге мүмкіндік береді. Біз өндірушілер мен тұтынушыларды жасанды тапшылық пен баға алыпсатарлығынан қорғайтын бәсекелестік қағидаттарын қалыптастырып жатырмыз.
Бұл жоба азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мен бәсекелестікті дамытудағы маңызды құралға айналуы тиіс”,- деді.
Бәсекелестік ведомстволарының өкілдері мен тауар биржаларының сарапшылары мәмілелердің ашықтығына, азық-түлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адал бәсекелестікке жағдай жасауға ерекше назар аударып, платформаны құрудың институционалдық, технологиялық және құқықтық қырларын талқылады.



















