Израиль Газа секторына гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойғаннан бері секторда өте ауыр жағдай орнады.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы брифингте БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының ресми өкілі Йенс Лерке мәлімдеді.
Анадолу агенттігінің тілшісі Леркеден: “Гуманитарлық көмек Газа секторына 50 күннен астам уақыт бойы жеткізілмеді. Ондағы адамдардың жағдайы қандай? Олар балаларды қалай тамақтандыруда? Бізбен сектордағы жағдай туралы соңғы ақпаратпен бөлісе аласыз ба? -деп сұрады.
БҰҰ өкілі: “Газа секторында апаттың айқын тенденциясы байқалуда. Қазіргі Газа секторындағы гуманитарлық жағдай біз секторда соғыс басталғаннан бері көрген ең ауыр жағдай болуы мүмкін”, — деді.



















