БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Хезболла» мен Израиль арасындағы шиеленісті азайтуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Гутерриш кеше, дүйсенбі күні X әлеуметтік желідегі аккаунтында жазды.
БҰҰ Бас хатшысының жазбасында: «Мен Хезболла мен Израиль арасындағы атыстың күшеюіне қатты алаңдаймын», — деп жазылған.
Гутерриш бұл әрекеттер Ливан халқы мен Израиль режиміне қауіп төндіретінін және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізетінін баса айтты.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Мен тез арада шиеленісті азайтуға және тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырамын»,- деді.
Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель де бұған дейін Батыс Азиядағы қақтығыстың өршуіне алаңдаушылық білдіріп, Газадағы атысты дереу тоқтатуға шақырды. Ол Батыс Азиядағы жағдайдың дағдарыс деңгейіне жеткенін X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.
Жозеп Боррель аймақтағы ауқымды соғыс туралы ескертіп: «Мен Ливан Премьер-министрі Наджиб Микатидің Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 қарарын дереу орындау туралы өтінішін қолдаймын. Себебі, оның мақсаты — соғыс қимылдарын тоқтату және аймақтағы тұрақтылықты қалыптастыру»,- деді.
Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілінің айтуы бойынша, Газа секторында атысты дереу тоқтату қақтығыстың толыққанды соғысқа айналу қаупін азайтудың басты қадамы екенін айтты.



















