БҰҰ АҚШ пен Иранның Омандағы кездесуі сәтті өтеді деп үміттенеді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифингте мәлімдеді.
Дюжаррик: “Омандағы келіссөздер оң нәтижеге жеткізеді деп шын жүректен үміттенеміз. АҚШ пен Иранның барлық шешілмеген мәселелерді шешу үшін дипломатияны пайдалануы өте маңызды”, — деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 7 наурызда Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізу туралы ұсыныспен хат жолдағанын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи наурыз айының соңында Тегеранның Трамптың хатына Оман арқылы жауап қайтарғанын айтты.
Тараптар дүйсенбі күні хат алмасу қорытындысы бойынша кездесудің бірінші кезеңін 12 сәуірде Оманда өткізуге келісті.
Келіссөзді Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф жүргізеді.



















