Иран СІМ кеңесшісі Моджтаба Демирчилу Иранның Oңтүстік Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды, аймақтық ынтымақтастықты дамытуды қолдайтынын және халықаралық деңгейде танылған шекараларды өзгертуге қарсы екенін айтты.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Моджтаба Дамирчилу кеше, 2 қыркүйек күні Ресейдің Тегерандағы eлшісі Алексей Дедовпен кездесуінде мәлімдеді.
Моджтаба Дамирчилу кездесу барысында аймақтың барлық елінің мүдделері мен заңды мәселелерін ескеру, сондай-ақ ұлттық егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттігін, сондай-ақ, Демирчилу кепілгер елдердің мүдделерін сақтаудың маңыздылығын айтты.
Моджтаба Демирчилу мен Алексей Дедов өңір елдерінің мүдделерін ескеріп, қазіргі аймақтағы мәселелерді шешу үшін экономикалық жобаларды іске асыру қажеттігін айрықша атап айтты.
Сонымен қатар, кездесуде «3+3» форматындағы алдағы отырыстарға және Иран, Ресей және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне байланысты мәселелер талқыланды.


















