«IT Hub Dushanbe» жобасы аясында Тәжікстанда Жасанды интеллект өңірлік орталығы құрылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша орталықта заманауи зертханалар, ғылыми-зерттеу бөлімшелері, инновациялық алаңдар, халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған конференция залдары, сондай-ақ қуатты деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейтін болады.
Орталық құрудың мақсаты жасанды интеллект модельдерін оқыту және үлкен деректер ауқымын өңдеу үшін қажет жағдайлар жасау деп жарияланды.
Орталық іске қосылғаннан кейін Душанбе қаласына бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және озық технологияларды дамыту үшін Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттердің ғалымдары, сарапшылары, инженерлері мен жасанды интеллект саласындағы мамандары тартылады.
Кешен 5 000-нан астам адамды жұмыс кеңістігімен қамтамасыз етеді және жүздеген технологиялық компанияның, ғылыми-зерттеу орталықтары мен шетелдік инвесторлардың қызметі үшін қажет жағдай қалыптастырады.
Айта кетейік, бұл жоба Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін жасанды интеллект» атты қабылданған арнайы қарардың жалғасы саналады.












