Газа секторының солтүстігіндегі Джебалияда израильдік 30 әскери қаза тапты.
Еуразия Тудейдің Израильдегі 12-ші арна таратқан мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 2024 жылдың 5 қазанынан бері Газа секторының солтүстігіндегі Джебалиядағы ұрыста сионистік режимнің 30 офицері мен сарбазы қаза тапқан.
Жуырда Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі шайқаста екі әскеридің, оның ішінде Кфир бригадасының капитанының қаза тапқанын хабарлады.
Қаза тапқан Йогев Бази және Ноам Итан есімді бұл екі әскери — Кфир бригадасының құрамына кіретін Нахшон батальонының әскерилері.
Деректерге сүйенсек, қақтығыс кезінде тағы бір Израиль әскері ауыр жараланған.
Израиль ақпарат көздерінің мәліметінше, қаза тапқан Йогев Бази — Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Гади Айзенкоттың жиені.



















