АҚШ президенті Джо Байден Тайваньда өткен президенттік сайлаудың нәтижелеріне реакция білдіріп, АҚШ Тайвань тәуелсіздігін қолдамайды деген мәлімдеме жасады.
Reuters агенттігінің хабарлауы бойынша Джо Байден Ақ үйде журналистермен кездесуінде сенбі күнгі Тайваньда өткен президенттік сайлауға қатысты пікірін осылай ашық білдірді.
Сайлау учаскелері ашылғанға дейін кез келген елдің сайлауға араласуын өрескел деп ескерткен Вашингтон Тайваньдағы сайлау мен жаңа әкімшілік Бейжіңмен қақтығыстың өршуіне әкеледі деп сескенуде.
Айта кетсек, 13 қаңтарда Тайвань президентін сайлауда Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) жетекшісі Лай Циндэ жеңіске жетті.
Сайлау нәтижесі Тайваньның Қытаймен қарым-қатынасының алдағы төрт жылда қалай дамуы мен болашағын анықтайды.
Өзін-өзі басқаратын аралдағы елді Бейжің Қытайдың бір бөлігі санайды.
Тайвань үкіметінің айтуы бойынша арал — егемен мемлекет.
Тайваньның президенттік сайдауда жеңіске жеткен үміткері Лай Циндэ және Цай Инвэнь де осындай ұстанымды қолдайды.
















