Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ұлттық мерекемен құттықтады.
Еуразия Тудейдің ЕЭК сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Бақытжан Сағынтаев жеке өз атынан және Комиссия атынан Иранға өркендеу мен құт-береке тіледі.
ЕЭК Алқасының Төрағасы құттықтау хатында: “ЕАЭО мемлекеттері мен Иранның өзара тиімді ынтымақтастығы алдағы уақытта да біздің елдеріміздің халқының игілігі жолында тереңдей түсетініне сенімдімін”, – деп жазылған.
Айта кетейік, Иранда Ислам Республикасының күні жыл сайын Иран күнтізбесіндегі фарвардин айының 12-і күні, сәйкесінше 1 сәуірде тойланады.
Ұлттық мереке 1979 жылдың 1 сәуірінде Иранның алғаш рет Ислам Республикасы ретінде жарияланған күніне орай тойланып келеді.
















