Армения Сыртқы істер министрлігі кеше, жексенбі күні Ереванның Бакуге бейбітшілік шарты бойынша оныншы ұсынысты жібергенін және аймақта бейбітшілік орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян Прагада өткен GLOBSEC конференциясында айтты.
Армения Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Костанян конференцияда сөйлеген сөзінде Ереван Армения мен Әзірбайжан қатынасындағы дауларды шешу үшін Бакуге бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі оныншы ұсынысты жібергенін мәлімдеп, Ереванның Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнатуға дайын екенін айтқан.
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян да 31 тамыз, сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Ереванның Әзірбайжанға тамыздың 30 күні бейбітшілік келісімі жобасының барлық келісілген тармақтарына қол қоюға қатысты жаңа ұсынысты Бакуге тапсырғанын және келісілмеген қалған тармақтарға қатысты жұмыс жүргізу қажеттігі айтылғанын мәлімдеді.
Пашинянның пікірінше, бейбітшілік шартына қол қойылғаннан кейін дипломатиялық қатынас орнату үшін алаң құру оңай болады және басқа мәселелерді шешуді едәуір жеңілдетеді. Сондай-ақ, Армения Премьер-министрі Әзірбайжан Президенті Илһам Алиевтің екіжақты кездесу өткізуді ұсынғанын айтты.



















