Financial Times газеті Еурокомиссия Украинаның ЕО-ға қосылу келіссөздерін биыл шілде айында ЕО Кеңесіне кезекті төрағалықты Венгрия мойнына алар алдында, яғни, маусым айында бастауды ұсынып отырғанын хабарлады.
Financial Times бүгін, жұма күні ЕО комиссиясы Киев пен Кишиневке еуропалық елдердің ұмтылыстары туралы оң сигнал беру үшін маусым айында Украина және Молдовамен ресми келіссөздерді бастауға қысым жасап жатқанын жазды.
Осы мәліметке сәйкес, сондай-ақ, комиссия бүгін Украинаның одаққа кіру үшін қажет критерийлерін, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары, саяси лоббилер, мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін декларациялау ережелері және азшылықтар қолданатын тілдерді қорғау шаралары бар екенін жариялайды.
Осы газет: «Тбилиси Брюссельдің ескертулеріне қарамастан, шетелдік агенттер туралы заң қабылдағандықтан, Грузия ЕО-на қосылу келіссөздеріне ресми рұқсат алмайды», — деп жазды.
Financial Times сонымен қатар қазіргі уақытта 1 шілдеге дейін ЕО Кеңесінің кезекті төрағасы саналатын Бельгияның осы мәселе бойынша консенсусқа қол жеткізгісі келетінін және бұл келіссөздердің өткізілуіне қарсы кезекті төрағалық иесі Будапештке тапсырар алдында 25 маусымда қосылу туралы келіссөздердің бірінші кезеңін өткізгісі келетінін хабарлады.



















