Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Украинаны ЕО үшін қауіпсіздік саласындағы басымдылыққа ие тақырып деп атады.
ТАСС агенттігінің хабарлауы бойынша фон дер Лейен бұл туралы Бухаресте бүгін, наурыздың 7 күні өткен Еуропа халық партиясының съезінде мәлімдеді.
Фон дер Ляйен: «Қауіпсіздік болмай өркендеу мүмкін емес. Қауіпсіздік саласында ЕО үшін бас тақырып Украина саналады. Біз осы елге бұрынғыдан көбірек ақша және қару-жарақ ұсыну арқылы қанша қажет болса, сонша иық тіресе тұрамыз», — деді.
Айта кетейік, Урсула фон дер Лейен бүгін Бухарестте өткен Еуропарламенттегі ең ірі фракция — Еуропа халықтық партиясы тарапынан ресми түрде Еуропа комиссиясының басшысы лауазымына үміткер ретінде қабылданды. Ол Еуропалық комиссияда 2019 жылдан 2024 жылға дейін өкілеттік мерзімге ие болды.
Урсула фон дер Лейен — Еуропалық Одақ тарихындағы бұл лауазымды атқарған алғашқы әйел.



















