Сәрсенбі күні кешке Газа секторындағы жергілікті ақпарат көздері секторға гуманитарлық жүк тиелген 801 көліктің келгенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сионистік режим ақыры ХАМАС қозғалысының талаптарына көніп, келісімде көзделгендей Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге келісуге мәжбүр болды.
Дереккөзінің мәліметінше, 231 жүк көлігі Газа секторының солтүстігіне жіберілген.
Жалпы гуманитарлық жүк тиелген 139 жүк көлігі “Эрез” бақылау-өткізу пункті арқылы, 92 жүк көлігі Газа секторының солтүстігіндегі “Зиким” бақылау-өткізу пункті және 570 жүк көлігі “Керем Шалом” өткізу пункті арқылы шекарадан өтті.
Гуманитарлық көмек колоннасында 10 газ және 29 жанармай тиелген жүк көлігі бар.
Сонымен қатар, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторының солтүстігіндегі министрліктің қоймаларына дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық тиелген бес жүк көлігі келгенін хабарлады.



















