Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 200-ге жуық медицина қызметкерінің қаза болғанын хабарлады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде, Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 198 медицина қызметкерінің қаза болғаны айтылған.
Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 53 жедел жәрдем көлігі жойылып, 135 денсаулық орталығы нысанаға алынған, 21 аурухана мен емдеу және емдік қызмет көрсететін 47 медициналық орталық жарамсыз болды.
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің қайырымдылық бөлімінің директоры Мунир Әл-Бараштың айтуынша, жарылыстардың жалғасуына байланысты бұл аймаққа жедел жәрдем көліктері жете алмай отыр.
Израиль Газадағы ауруханаларды бірнеше рет бомбалап, ауруханаларды қоршауға алды.
Соңғы кездері Газадағы ауруханалар мен медициналық орталықтар Израильдің басты нысанасына айналды.



















