Газа секторында Anadolu агенттігінің штаттан тыс операторы Саид Әбу Небхан қаза тапты.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Саид Әбу Небхан Израиль әскерилерінің қарулы шабуылынан қаза тапты.
Израиль әскерилері Газа секторының орталық бөлігіндегі Нусайрат аймағындағы көптеген журналист орналасқан әл-Джадид босқындар лагерін қоршап, аумақты атқылаған.
Оқиға орнында түсірілген кадрдан гуманитарлық қызметкерлер жаралы адамды зембілмен үйден алып шықпақ болғанын көруге болады. Жараланған адамды алып жүрген журналист Әбу Нехбан оқиға орнынан репортаж жүргізеді. Осы кезде қарсы жақтан атылған оқ Әбу Нехбанға тиеді.
Кейін Палестинаның WAFA ақпарат агенттігі Саид Әбу Небханның қаза тапқаны туралы ақпаратты жариялады.
25 жаста болған Саид Әбу Небхан үйленген, бір баланың әкесі.
Кейінгі құрбандардың бірі болған Саид Әбу Небханды қосқанда Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқан журналистер саны 203-ке жетті.




















