Газа секторында азық-түлік бағасы 527 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Газа секторының Сауда-өнеркәсіп палатасы Израильдің тауарлардың кіруіне жол бермеуі салдарынан сауданың шектелуі мен азық-түлік бағасының 527 пайызға өсуіне ықпал еткенін мәлімдеді.
Газа секторының Сауда-өнеркәсіп палатасы жазбаша мәлімдемесінде Израильдің жүк көліктерінің кіруіне кедергі келтіруді жалғастырып жатқанын жазып, сионистік режимді аштықты қару ретінде пайдаланып, халықаралық құқықты бұзды деп айыптады.
Мәлімдемеде Израильдің аштық пен шөлді Газа секторының бейбіт тұрғындарына қарсы қару ретінде қолданып жатқаны айтылған.
Сионистік режимнің бақылау-өткізу пункттерін жабуы Газа секторындағы жағдайды апатты деңгейге жеткізді.
БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда шамамен 3 мың гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі Израильдің қоршауы салдарынан Газа секторына кіре алмай отыр.
2023 жылдың 7 қазанында басталған Израиль шабуылдарынан Газа секторында 52 243 адам қаза тапты.
Израиль армиясы 19 қаңтарда күшіне енген уақытша атысты тоқтату келісімі аяқталғаннан кейін 18 наурыз күні Газа секторында қарқынды шабуылдарын қайта бастады.
Сол уақыттан бері 2025 палестиналық қаза тапты. Олардың басым бөлігі қарттар, әйелдер мен балалар. Сонымен қатар, 5483 адам жарақат алды.
Израильдің шабуылдарынан орта есеппен күн сайын 90 адам қаза табады.



















