Иран Ислам Революциясы сақшылары корпусының ресми өкілі генерал Мохеби Вашингтонның Иранмен соғыста көздеген мақсаттарына қол жеткізе алмағанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Революциясы сақшылары корпусының ресми өкілі генерал Мохеби бұл туралы Al-Alam арнасына берген сұхбатта айтты.
Оның айтуы бойынша Вашингтон бұл соғыста көздеген мақсаттарына қол жеткізе алмауымен қатар өз қуатының негіздеріне қатысты сәтсіздікке ұшырады. Атап айтқанда, Ормұз бұғазын қайта аша алмауы оның теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәлімдемесінің негізсіз екенін көрсетті.
Иранның зымырандары мен дрондары аймақ елдеріндегі АҚШ-тың басқару және логистикалық орталықтарына тиіп, бұл базалардың көбін істен шығарып, Бесінші флоттың кемелерін Парсы шығанағынан 400 шақырым қашықтыққа шегінуге мәжбүр етті.
Аймақтағы АҚШ барлау базаларының нысанаға алынуы және оған Иранның зымырандар мен дрондар арқылы жасаған қарымта соққысы — Вашингтонның қарсыластары мен одақтастары арасында қалыптасқан F-35 пен Patriot жүйелері сияқты озық әскери технологиялардың күштілігі туралы түсініктің күл-талқанын шығарды.
Минабтағы мектеп пен Сириктегі үйлену тойы сияқты бейбіт нысандарға шабуыл жасау, Ламердте қарапайым емес қару-жарақ түрлерін сынақтан өткізу АҚШ-тың моральдық беделін жойып, аймақтағы одақтастарының “Вашингтон қауіпсіздік тұрғысынан қолдайды” деген түсініктеріне күдік келтіру үдерісін бастады.
Иран революциясы сақшылары корпусы ұзаққа созылатын тоздыратын соғысқа дайындалып, жаудың кезекті ақымақтығы қайталанған жағдайда жаңа қару-жарақпен және соғыс географиясын өзгерту арқылы жауап қайтарады.
Тағы басқыншылық жасалған жағдайда Иран шабуыл географиясын өзгертумен қатар жаңа нысандар көзделіп, осы уақытқа дейін көрсетілмеген және қолданылмаған стратегиялық қарулар пайдаланылатын болады.
Революцияның сақшылары корпусы Конституцияға сәйкес қорғаныс және әскери міндеттерді атқарады. АҚШ-пен ешқандай ресми немесе бейресми байланыста болған жоқ, қазір де жоқ. Кез келген келіссөз жүргізу мен саяси қадағалау тек Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне кіреді.
Йемен мен Ливандағы қарсыласу топтары өздерінің ұлттық мүдделері мен ішкі еркіндігіне сүйене отырып шешім қабылдайды. Аймақтағы жалғыз прокси күш – АҚШ пен Батыстың бұйрықтарын орындайтын сионистік режим.
Хезболла – Ливан халқының болмысы мен құрылымының ажырамас бөлігі. Әскери қысымдар оны тек қайта жоспарлауға, күшейе түсуге және қорғаныс технологиясын жетілдіруге ғана ықпал етеді.
Ислам Республикасының саясаты – аймақ елдерімен тату көршілік қатынасты сақтау.
Зымыран шабуылдары тек АҚШ-тың әскери техникалары мен базаларына ғана бағытталатындықтан көршілес елдерге ешқандай зиян келтірілмейді.

















