Бейжің екі неміс кемесінің Тайвань бұғазы арқылы өтуіне байланысты Германияға наразылық білдірді.
Еуразия Тудейдің Politico басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қытай Германияның екі әскери кемесінің Тайвань бұғазы арқылы өтуін айыптап, бұл қауіпсіздікке қауіп төндіретінін және Қытайдың егемендігін бұзғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қытай Германияның бұл әрекетін қауіпсіздікке қауіп төндірумен қатар қате сигналдар береді деп атады.
Қытай Халық азаттық армиясының Шығыс соғыс аумағы қолбасшылығының ресми өкілі Ли Си журналистерге: «Германияның бұл әрекеті қауіпсіздікке қауіп төндіріп, қате сигнал жібереді. Аймақтағы күштер үнемі жауынгерлік дайындықта және барлық қауіп пен арандатушылық әрекеттерге қарсы тұрады», -деді.
Бірнеше күн бұрын Баден-Вюртемберг фрегаты мен Франкфурт-на-Майне кемесінің 22 жылда алғаш рет Тайвань бұғазы арқылы өткені белгілі болды.
Германия Қорғаныс министрі Борис Писториустың айтуынша, кемелер Оңтүстік Кореядан Индонезияға дейін ең тікелей және климаттық жағдайларды ескере отырып, қауіпсіз бағыт ретінде бұғаз арқылы өтетін бағытты таңдаған. Оның айтуы бойынша, кемелердің бағыты халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылған.
Борис Писториус: «Халықаралық сулар – халықаралық сулар. Бұл – ең тікелей және климаттық жағдайларды назарға алғанда, ең қауіпсіз жол. Сонымен біз өтеміз»,- деді.
Сондай-ақ, Германия Федералды канцлері Олаф Шольц өткен жұма күні бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, екі неміс кемесінің халықаралық су арқылы өткенін тілге тиек етті.
Тайвань мен АҚШ-тың пікірінше, әлемдегі жүк кемелерінің жартысына жуығы пайдаланатын негізгі сауда жолы болып табылатын Тайвань бұғазы халықаралық сулардың бір бөлігі болып табылады.
Алайда, Бейжің Тайвань аралын Қытайға тиесілі санайды.




















