Грузия ұлттық мүдделерін негізге алыып, Еуропа Одағыының Иранға қарсы санкцияларына қосылудан тартынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Грузия Еуропалық одақтың Иранға қарсы жуырдағы санкцияларына қосылудан бас тартып, елінің халықаралық саяси әрекеттері тек ұлттық мүдделері арқылы басқарылатыынын мәлімдеді.
«Грузия арманы» билеуші партиясының парламенттегі депутаты Тенгиз Шарманашвили Грузияның ұлттық басымдықтарына қайшы келетін ешқандай саясатты қолдамайтынын айтты.
Шарманашвили: «Грузияның қандай да бір резолюцияға қосылуы немесе халықаралық саясатқа қатысты қадамдар жасауы тек бір критериймен айқындалады: бұл сол сәтте Грузияның мүддесіне сай ма, жоқ па?» – деді.
Interpressnews хабарлауынша, егер шешім осы мүдделерге қайшы келсе, оның кейін кімге тиімді болатыны оларды мүлдем толғандырмайтынын айтты.
Айта кетейік, бүгін, 22 тамызда Грузияның Тегеранға қарсы Еуропалық одақтың соңғы санкциялар пакетіне қосылмағаны белгілі болды.

















