БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иран мен Израильден атысты тоқтату келісімін құрметтеуді сұрады.
Еуразия Тудейдің Қатардың Әл-Жазира арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін сейсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Мен Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы мәлімдемені құптаймын. Екі тараптан да оны құрметтеуді сұраймын»,-деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы: «Мен атысты тоқтату келісімі аймақтағы басқа қақтығыстарда да орындалады деп үміттенемін», — деді.
Атысты тоқтату келісімін орнатуға байыпты екенін көрсетуге тырысқан АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі хабарламасында: «Израиль Иранға шабуыл жасауды көздемейді. Барлық ұшақ кері бұрылып, үйлеріне қайтып жатыр. Иранға қол бұлғап жатыр! Ешкімге зиян тимейді. Атысты тоқтату бітімі жасалды!» деп жазды.
Осындай жағдайда Израильдің 14-телеарнасы: «Трамптың мәлімдемесінен кейін Израиль әуе күштері Ирандағы әскери нысанды нысанаға алды» деп хабарлады.
















