БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шәһид болған Иран Президенті Ибраһим Раиси мен СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһианға құрмет көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша Иран Президенті мен Сыртқы істер министрі және тікұшақ апатынан қаза болған серіктеріне құрмет көрсету үшін Иран Ислам Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде болды.
Антониу Гутерриш Қөңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Иранның БҰҰ жанындағы елшісі және Тұрақты өкілі Амир Саид Ираванимен қысқа кездесу өткізді. Шараға Иранның БҰҰ жанындағы елшісі және Тұрақты өкілінің орынбасары Заһра Аршади да қатысты.
Гутерриш Амир Саид Ираванимен қысқа кездесуінде шәһид болғандардың отбасыларына, сондай-ақ Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Иран Президенті Ибраһим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһиан және басқа да шенеуніктер мінген тікұшақ 19 мамырда Иранның солтүстік-батысында Верзеған ауданында апатқа ұшырады. Тікұшақ бортында болған сегіз адамның барлығы қаза тапты.
Тікұшақ ішінде Ибраһим Раиси, СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұма намазы имамы аятолла Мохаммад Әли әл Хашем, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы Сейед Маһди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.



















