Ақпарат дереккөздері өткен түнде стратегиялық маңызды Баб әл-Мандеб бұғазында жойқын жарылыстар болғанын хабарлады.
Жарылыстардың салдарынан осы маңызды су жолының қос бағытындағы барлық кемелердің қозғалысы екі сағат бойы толық тоқтап қалды.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл жарылыстардың себебі әлі беймәлім.
Белгісіздік теңіз және қауіпсіздік топтарында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Жағдайды одан сайын күрделендіріп тұрған нәрсе — халықаралық сақтандыру компаниялары мен теңіз қауіпсіздігін ақпараттандыруға жауапты мекемелердің бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамай, үнсіздік танытуы.
Теңіз саласының жетекші сарапшылары жаппай үнсіздікті бұрын-соңды болмаған жағдай және бұл ұйымдардың кәсіби міндеттемелеріне қайшы деп есептейді. Олардың пайымдауынша, мекемелердің теңіз қауіпсіздігін сақтау жөніндегі міндеттемелеріне күмән тудырып, халықаралық беделіне нұқсан келтірген бұл үнсіздіктің артында екі негізгі себеп жатыр:
Біріншісі, АҚШ үкіметінің тікелей қысымы. Қысым халықаралық нарықта мұнай бағасының күрт өсіп кетуіне әкеп соғуы мүмкін жағымсыз жаңалықтардың таралуына жол бермеу мақсатында жасалып отыр.
Екіншісі, америкалық әскери күштердің осы аса маңызды су жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмауы және оны қалпына келтіруге шамасының жетпеуі.
Бұл оқиғалар энергия тасымалының ең маңызды күретамырларының бірі саналатын Баб әл-Мандеб бұғазы халықаралық қауіпсіздіктің жіті бақылауында тұрған кезеңде орын алып отыр.
Қызыл теңізді Аден шығанағымен байланыстыратын Баб әл-Мандеб бұғазы әлемдік сауда мен мұнай тасымалы саласында өте маңызды.

















