ХАМАС саяси кеңесінің басшысы Мохаммед Исмаил Дарвиш бостандық пен тәуелсіздікке ұмтылған Палестинаның мазлұм халқын қолдаудағы Иран Ислам Республикасының рөлін жоғары бағалады.
Еуразия Тудейдің ХАМАС қозғалысының Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Мохаммед Исмаил Дарвиш бейсенбі, 30 қаңтар күні Қатарда Иран СІМ басшысы Сейед Аббас Арақчимен кездесуінде «Әл-Ақса дауылы» операциясы Палестина халқының Израильдің басқыншы режимін жеңу жолындағы бетбұрыс кезеңі екенін айтты.
Мохаммед Исмаил Дарвиш Израиль басқыншы режимінің геноцид қылмыстары және басқа да барлық әрекеттері арқылы Палестина халқын өз отанынан қуу жоспарлары мен ұмтылыстары ешқандай пайда әкелмегенін және әкелмейтінін баса айтты.
ХАМАС саяси кеңесінің басшысы Палестина халқының өз жерінде тамыр жайғанын және өздерінің, киелі жерлер мен әл-Ақса мешітіне деген құқықтарын ұстанатынын айтты.
Кездесуде Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иран Ислам Республикасының Палестина халқының күресін үнемі қолдайтынын айтып: “Газа халқының қаһармандық қарсылығы бүкіл әлемге Израиль режимінің армиясы жеңілмейді деген өтірігін дәлелдеді.
Газа халқы бірегей ерлік операциясы мен жоғары деңгейдегі келіссөздерді жүргізе алды. Бұл атысты тоқтатуға және тұтқындарды айырбастау туралы келісімге жеткізді”,- деді.
Қатар астанасы Дохада өткен кездесуде жуырдағғы саяси және жергілікті оқиғалар, Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу туралы келісімнің орындалуы, сондай-ақ Израиль басқыншы режимінің Газа секторы халқына көмек көрсету және аймақты қайта қалпына келтіру үдерісіне кедергі келтірудегі әрекеттері талқыланды.
Кездесуге ХАМАС жетекшілері Халил әл-Хия, Хусам Бадран, Иззат әл-Ришқ және Басем Наим қатысты.


















