Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы халқының дін арқылы сенімді нығайтып, әртүрлі ғылымды дамытуда үлкен қадам жасайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи бұл туралы сионистік режимнің Иран халқына қарсы 12 күндік соғысында азаматтарының шәһид болуының 40-шы күніне орай қаза тапқандардың отбасылары, халықтың әртүрлі топтары және бір топ басшының қатысуымен имам Хомейнидің хусейниесінде ұйымдастырылған шәһидтерді еске алу рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи жиында сөйлеген сөзінде таңылған соғысты Ислам Республикасының ерік-жігері, күш-қуаты мен теңдесі жоқ мықтылығының көрінісі деп атады.
Дұшпанның бұл әрекетінің негізгі себебі Иран халқының сеніміне, біліміне және бірлігіне қарсы тұруы екеніне тоқталып: “Алланың қолдауымен халқымыз иманды күшейту және ғылымдарды кеңейтуден бас тартпайды. Біз Иранды даму мен даңқтың шыңына жеткіземіз”,- деді.
Аятолла Хаменеи Израильмен соғыста қаза тапқан әскери қолбасшылардың, ғалымдардың және бейбіт тұрғындардың отбасыларына көңіл айтып: “Иран халқы осы 12 күнде үлкен жетістікке қол жеткізді. Бүкіл әлем бүгінде Иран халқының әлемге өзінің күшін, төзімділігін, табандылығын және ерік-жігерін көрсете білгенін мойындады. Әрбір адам Ислам Республикасының күшін өз көзімен сезді”,- деді.
Хаменеи Ислам Республикасының негізін “дін мен білім” деп атап: “Иран халқы мен жастары осы екі негізге сүйене отырып, дұшпанды әртүрлі салада шегінуге мәжбүр етті. Олар әрі қарай да бұл әрекетті жалғастырады. Дұшпандардың Иранның ядролық бағдарламасы мен уран байытуға қатысты әрекеттері сылтау болып табылады. Олардың Иранға қарсы тұруының басты себебі — Ислам Республикасының ғылым, техникалық және діни білімнің әртүрлі саласында жетістіктерге қол жеткізуі”,- деді.

















