Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесуінде көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту Ислам Республикасының басым саясаты екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, аятолла Әли Хаменеи Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және онымен бірге Тегеранға сапармен келген делегациямен кездесуінде бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты.
Сонымен қатар, Ислам революциясының жетекшісі Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің тату көршілік саяси байланыстардың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда белсенділік пен жігер танытқанын қуаттады.
Хаменеи Тегеранда қол жеткізілген келісімдер екі елге де тиімді болып, тараптар көршілік міндеттерін көбірек атқара алады деген үміт білдірді.
Кездесуде аятолла Хаменеи Қатар Әмірінің аймақтық мәселелер бойынша мәлімдемесіне сілтеме жасап: “Біз Қатарды дос әрі бауырлас ел санаймыз. Дегенмен, екі ел арасында Оңтүстік Кореядан Қатарға аударылған Иранның бұғатталған активтерін қайтару сияқты шешілмеген әрі түсініксіз мәселелер әлі де бар. Біз бұл салада қол жеткізілген келісімді жүзеге асырудағы басты кедергі АҚШ екенін білеміз”,- деді.
















