Ливандағы Хезболла қозғалысы сионистік режимнің Газа секторы мен Ливандағы қылмыстарына жауап ретінде сионист армиясының позициялары мен басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі сионистік елді мекендерге қарсы 13 операция жүзеге асырды.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хезболла қозғалысы мәлімдеме жасап, Кацрин және Ифтах қалаларындағы сионистік режим жауынгерлеріне қарсы бағытталған зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты.
Сонымен қатар Хезболла қозғалысы тағы үш операциясында сионистік режим армиясының Маалиа Голанидағы казармаларына, Мисгав-Ам елді мекені және Вади-Хонин аймағына зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді.
Хезболла тағы бір операциясында басып алынған Шебаа фермасының Ас-Садана аймағында орналасқан сионистік режим сарбаздарына бірнеше зымыранмен шабуыл жасады.
Ливандағы Исламдық қарсыласу ұйымы да Адмит, Шломи және Яра қалаларындағы басқыншы күштерге бірнеше зымыранмен соққы берді.
Ливандағы Исламдық қарсыласу ұйымы хабарламасында: «Исламдық қарсыласу ұйымының сарбаздары Газа секторындағы Палестина халқын және олардың батыл қарсыласу әрекеттерін қолдап, сондай-ақ, Ливан мен оның халқын қорғау үшін Газа секторының шығысында орналасқан Рош Пина қаласындағы Филон базасына шабуыл жасады. Сафд қаласын көптеген зымыранмен атқылады», — деп жазды.
Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 15 өрт сөндіру тобы Хезболла шабуылдарынан туындаған Цфат, Умиаде және Рош Пинадағы өртпен күресуде.



















