Ливан Хезболласының Бас хатшысы Наим Қасем Израиль режиміне ескерту жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, шейх Наим Қасем сенбі күні кешке Халықаралық Құдс күніне байланысты жасаған мәлімдемесінде Палестинаға адалдығын жариялап: “Біз Палестина мәселесін әділ шешуді қолдап, қасиетті мекендерді босатуды талап етеміз”, — деді.
Хезболланың Бас хатшысы партияның келісім шарттарын толығымен ұстанатынын, алайда Израиль режимінің Ливаннан әскерлерін шығармай күн сайын басқыншы әрекеттерін жалғастырып отырғанын қуаттады.
Ол Хезболланың Қарсыласудың бір бөлігі екенін және Ливан Үкіметінің құрылымына қатысатынын айтты. Наим Қасем Ливанның барлық азаматының ынтымақтастығы арқылы ғана тұрақтылық пен ілгерілеушілікке қол жеткізілетінін баса айтты.
Хезболла Бас хатшысының айтуы бойынша, партия келісімді толығымен ұстанып, Литани өзенінің оңтүстігіндегі қарулы қақтығысқа қатыспайды. Қасемнің сөзінше, Израиль бұл аймақтан әлі шегінбеген.
Ол Израильмен қарым-қатынасты қалпына келтіруге жол берілмейтінін, режимнің соғыс арқылы қол жеткізе алмаған нәрсені саяси жолмен де жүзеге асыра алмайтынын айтты.
Шейх Қасем: “Израиль Дахия, оңтүстік пен Бекаға соққы беру арқылы ойынның жаңа ережелерін енгіземін деп ойласа, бұл мүлдем қабылданбайды”, — деп ескертті.




















