Бүгін, ақпанның он жетісі күні Иран астанасы Тегеранда Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдерін біріктірген ІІІ Каспий экономикалық форумы басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, іс-шараға Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан және Қазақстанның көлік секторы, сауда ұйымдары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерінің делегаттары қатысуда.
Форумда талқыланған негізгі тақырыптар көлік ынтымақтастығын, транзиттік көлікті, сауда байланыстарын және банк секторындағы өзара іс-қимылды дамыту болды.
Форум бағдарламасы жоғары деңгейде кездесу өткізуді көздейді.
Ертең, 18 ақпанда Каспий аймағы елдерінің Үкімет басшыларының келіссөздері өтеді.
Айта кетейік, Екінші Каспий экономикалық форумы 2022 жылдың 6 қазанында Мәскеуде өтті. Оған Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Қазақстан премьер-министрлері, Иранның бірінші вице-президенті және Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары қатысты. Нәтижесінде делегация басшылары форумның бірлескен коммюникесін қабылдады.



















