Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ормұз бұғазында америкалық MQ-1 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі америкалық MQ-1 ұшқышсыз ұшу аппаратының Ормұз бұғазында Әскери-ғарыш күштерінің озық әуе қорғанысы жүйелері арқылы атып түсірілгенін мәлімдеді. Қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, MQ-1 ұшқышсыз ұшу аппараты Ормұз бұғазының су айдыны үстінде зарарсыздандырылған. Қазіргі уақытта Тегеран оқиғаға қатысты толық мәлімет берген жоқ. Ал, Вашингтонның ресми өкілдері бұл жағдайға қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.
Сарапшылар әлемдік мұнай тасымалының негізгі бөлігі өтетін бұл стратегиялық су жолындағы жағдай аймақтағы шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін деген пікірде. Ормұз бұғазындағы кез келген әскери іс-қимыл халықаралық қауымдастықтың үлкен алаңдаушылығын тудырады. Себебі мұндай оқиғалар әлемдік энергетикалық қауіпсіздік пен теңіз қатынасының тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.
Бұған дейін Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі Америка Құрама Штаттарының Иорданиядағы Ханзада Хасан әуе базасына баллистикалық зымырандармен шабуыл жасап, базаның маңызды әскери инфрақұрылымы, басқару орталығы және MQ-9 ұшқышсыз ұшу аппараттарының ангарлары қиратылғанын мәлімдеді.


















