Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы ақпаратты ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм арнасында жариялады.
Осы мәліметке сәйкес, Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен былтыр барды. Президенттер өзара байланысты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынасын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
Айта кетейік, Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев Қазақстан Республикасына 2023 жылғы 2 қарашада «Түркі ғасыры» ұранымен өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысу үшін келді. Ресми сапармен 2023 жылғы 10 сәуірде, ал соңғы рет 2024 жылғы 8 тамызда Орталық Азия және Әзірбайжан Республикасы мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін келді.
















