INOTEX 2025 көрмесінің үшінші күні Иранда алғаш рет өндірілген үш инновациялық өнімнің тұсауы кесілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, шара кеше, 1 мамыр күні Иран Президентінің ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі орынбасары Хоссейн Афшиннің қатысуымен өтті.
Иран Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар басқармасының мәліметінше, бұл өнімдер департаменттің қолдауымен “Алғашқы өнеркәсіптік өндіріс” бағдарламасы аясында әзірленіп, сәтті шығарылды.
INOTEX 2025 көрмесінің үшінші күні деректерді өңдеу және сақтауға арналған сервер, газ турбиналарының жұмысын бақылаудың интеллектуалды жүйесі және өнеркәсіптік электр жылытқышы таныстырылды.
29 сәуір күні басталған 14-ші халықаралық INOTEX 2025 көрмесі бүгін, 2 мамыр күні өз жұмысын аяқтайды.
INOTEX көрмесі — Иранның ең маңызды инновациялық іс-шараларының бірі.


















