Палестиналық жазушы, сарапшы Халед Маали Иордан өзенінің батыс жағалауының шындығы ешқашан өзгермегенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің палестиналық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Халед Маали “Тиасир” операциялары сионистік режимнің қауіпсіздік және әскери құрылымына қатты соққы жасағанын айтып: “Тәжірибе Иордан өзенінің батыс жағалауының шындығы ешқашан өзгермегенін, қарсыласу қозғалысы жалғасып жатқанын көрсетті”, — деді.
Маали сөзінің жалғасында: “Қарсыласу қозғалысының қатаң қауіпсіздік шараларға қарамастан әскери бақылау бекетіне жетудегі табысы қарсыласу күштері мен Иордан өзенінің батыс жағалауының, әсіресе басқыншы режим шабуылдарының нысанасына айналып отырған аймақтардың жастарының рухын көтеріп, күшейтуде”, — деді.
Маали басқыншылардың осы операцияларға тосқауыл қоюдағы жеңілісінің себебін қосындар мен ауылдарды қирату үшін шектен тыс күш қолдануының жеке операциялардың алдын алуға жеткізбеуімен байланыстырды.
Ол: “Тәжірибе Батыс жағалау шындығының ешқашан өзгермегенін көрсетті. Қарсыласу әсіресе қарулы топтар немесе толығымен жасырын әрекет ететін адамдарға қарамастан жалғасады. Осы мәселе басқыншылардың қарсыласуды жою мақсатындағы басқыншы жобалары үшін кедергі саналады”, — деді.
Бір хабар дереккөзі кеше, сейсенбі күнгі мәліметінде Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Тубас қаласының шығысындағы Тиасир ауылына жақын маңдағы сионистік режимнің әскери бақылау орталығына қарсы оқ ату операцияларында кемінде екі сионист әскеридің қаза тапқанын, алты адамның жарақат алғанын хабарлады.
Сионист режимінің ақпарат құралдары операцияларды жүзеге асырушы әскери бақылау бекетінің қарауыл мұнарасына еніп, тіпті оның жоғары қабатына да көтеріліп, сол жерден сионист режимінің әскерилерімен атысқанын, оның үстінде осы режим әскериінің формасы болғанын, соңында қақтығыста өлгенін хабарлады.
2023 жылдың қазан айының 7 күні сионистік режимнің Газа секторына шабуылдары басталған уақыттан бері осы режимнің Әскері Иордан өзенінің жағалауында өз операцияларын арттырды. Олар жақында Дженнин және Тулкарм қалалары мен солардың айналасындағы ауылдарға шабуылдарын күшейтті. Соның барысында палестиналық көптеген азамат қаза тауып, жарақат алды.
Палестина азаматтары мен күрескерлері де сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қылмыстарына қарсы күресте қолдарынан келгенше қарсылық танытып жатыр.

















