Иордания СІМ басшысы Айман Сафади Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың саяси болашағын сақтау мақсатында Батыс Азияны аймақтық соғысқа тартып жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, бұл туралы Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафади X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.
Айман Сафади егер шиеленіс тоқтамаса, оның салдары жойқын қақтығыстарға әкелетінін мәлімдеді.
Иордания СІМ басшысы сионистік режимнің Газа секторына жасаған қатыгез шабуылдары аймақты соғысқа итермелейтінін баса айтты.
Айман Сафадидің айтуынша, егер халықаралық қауымдастық шиеленістің күшеюіне жол бергісі келмесе, Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін күшейтіп, сионистік режимге қарсы санкция салу арқылы Газа секторына басып кіруді тоқтатуы керек.
Иордания СІМ басшысы елінің Ливанды, оның қауіпсіздігі мен егемендігін қолдайтынын және Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 қарарын ұстану қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар Сафади Мысыр, Қатар және АҚШ арағайындығымен ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерді қолдайтынын айтты.















