Ирак аумағы Иранға қауіп төндіру немесе тұрақсыздық орнату алаңына айналмайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ирак Премьер-министрі Әли әл-Заиди Тегеран қаласында Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуінде айтты.
Ирак Премьер-министрі: «Ирак жерінің ешбір бөлігі Иран Ислам Республикасына қатер төндіруге немесе жағдайды тұрақсыздандыруға пайдаланылмайды», – деді.
Әл-Заидидің айтуы бойынша, Бағдат қандай да бір күштердің Иранға қарсы дұшпандық әрекеттер жасауына жол бермейді және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі міндеттемелеріне адал болып қала береді.
Сонымен қатар, Әли әл-Заиди «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы күресте Ирак халқына қолдау көрсеткені үшін Тегеранға алғыс білдіріп, Бағдаттың бұл көмекті ешқашан ұмытпайтынын баса айтты.
Айта кетейік, Ирак Премьер-министрі Әли әл-Заиди Иран басшыларымен мұнай экспортының қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді талқылау мақсатында кеше, жұма, 23 шілде күні Тегеранға келді.



















