Иран Әзербайжан мен Арменияның АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қоюына қатысты пікір білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Меһди Санаи елінің Кавказ аймағының қауіпсіздік тетіктері мен геосаясатына сыртқы күштер мен ұйымдарды тартатын жоспарларға сақтықпен қарайтынын айтты.
Меһди Санаи Әзербайжан мен Армения арасындағы жақында жасалған келісімге қатысты X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өз пікірін жариялады.
Иран Ислам Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі: “Иран көршілес елдер арасындағы бейбітшілікті құптайды. Сонымен қатар, көлік бағыттарын бұғаттауға қарсы емес. Алайда Кавказ аймағының қауіпсіздік тетіктері мен геосаясатына сыртқы күштер мен ұйымдарды тартатын жоспарларға сақтықпен қарайды”,-деп жазды.
Меһди Санаи мұндай жолмен шиеленістің күшеюіне жағдай жасамауды ескертті.
Айта кетейік, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Илһам Әлиев Вашингтонда екі ел арасындағы бейбітшілік орнатуға бағытталған құжатқа қол қойды. Бұл рәсімге АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты.



















