Иран СІМ Аббас Арақчи Тегеранның аймақтағы мәселелерді шешуде Ирактың ішкі шешімдері мен халықаралық бастамаларды қолдайтынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Ирак Премьер-министрі Мохаммад Шиа әс-Суданидің Тегеранға ресми сапары кезінде «Әл-Ахад» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Арақчидің айтуынша, Ирак аймақтағы қарым-қатынасын нығайта отырып, тиімді және тұрақты дипломатияны белсенді түрде жүргізуде. Иран СІМ басшысы Ирактың күшті ел және оның шешімдері маңызды екенін, басқа мемлекеттердің бұған назар аударатынын баса айтты.
Сондай-ақ, министр Ирак Премьер-министрінің Тегеранға сапары барысында екі ел арасындағы маңызды саяси мәселелер талқыланғанын айтты.
Айта кетейік, Ирак Премьер-министрі Мохаммад Шиа әс-Судани қаңтардың сегізі күні Тегеранға ресми сапармен келді. Ирак Премьер-министрі сапар барысында Иранның жоғары лауазымды бірқатар тұлғасымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
















