Иран АҚШ-тың қысымына төтеп беріп, оларға Венесуэладағыдай операция жүргізуіне мүмкіндік жасамады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай пікірді «Ресей офицерлері» ұйымы президиумының мүшесі, запастағы полковник Левон Арзанов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында білдірді.
Левон Арзанов АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран тарапының атысты тоқтатуға ниетті екені туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.
Сарапшы Арзанов: «Иран шынымен Дональд Трамптан атысты тоқтатуды сұрап отыр дегенге күмәнім бар. Барлығымыз Иранның шабуылдарға қалай төтеп бергенін көріп отырмыз. АҚШ үшін Иранға шабуыл жасау Венесуэладағыдай жеңіл болмады. Олар Иранда тығырыққа тірелді»,- деді.
Арзановтың пікірінше, Таяу Шығыстағы қақтығыста Ирандағы билікті іштен құлату әрекеттері де, зымырандық шабуылдары да олар күткендей нәтиже бермеді.
Арзанов: «Қақтығысқа қатысу үшін коалиция құру да мүмкін болмады. Бұрын америкалықтар Ауғанстан мен Иракта БҰҰ-ны елемей-ақ ірі халықаралық коалиция жасақтай алса, бұл жолы ондай жағдай болған жоқ», — деді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп кеше, 1 сәуір күні Иран Президенті Масуд Пезешкиан АҚШ әкімшілігіне атысты тоқтату туралы өтініш жасағанын мәлімдеді.
Алайда Иран тарапы мұндай өтініштің болмағанын мәлімдеп, Трамптың мәлімдемесін жалған деп атады.

















