Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан Иран Арменияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын мәлімдеді.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан Ереванда өткен баспасөз мәслихатында Иранның Арменияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын мәлімдеді.
Арменияға жұмыс сапарымен келген Хосейн Амир Абдоллахиан Ереванда армян әріптесі Арарат Мирзоянмен кездесіп, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Иран Сыртқы істер министрі шара барысында Иранның Табриз қаласында Арменияның Бас консулдығы 2024 жылдың басында ашылатынын мәлімдеп, Табриздегі Бас консулдықтың ресми ашылу салтанатына қатысатынын айтты.
Амир Абдоллахиан Иранның Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнағанын толығымен қолдайтынын мәлімдеп, Иран президенті Ибраһим Раиси мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның өткен аптада телефон арқылы сұхбаттасқанын тілге тиек етті.
Айта кетсек, Ибраһим Раиси 20 желтоқсан күні Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел қарым-қатынасының кеңейіп, өзара келісімдердің орындалып жатқанына ризалық білдірді.

















