Иран Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді.
IRNA агенттігінің хабарлауынша Иранның Хорасан Разави облысының Қызыл жарты ай қоғамының бас директоры Мохсен Закариан елінің Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық жүк тиелген 11 жүк көлігін жібергенін айтты.
Осы мәлімет бойынша гуманитарлық көмек Ауғанстанға Разави Хорасан провинциясындағы Догарон шекарасы арқылы жіберілді.
Закариянның сөзіне қарағанда бұл Ауғанстанның Герат провинциясындағы Занде Джан ауданындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Ираннан жіберілген гуманитарлық көмектің алтыншы жөнелтімі.


















