Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында Иран аумағы арқылы автомобиль көлігімен транзиттік тасымал 6,5 миллион тоннаға жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Жол құрылысы және автомобиль көлігі ұйымы мәлімдеді.
Ұйымның мәліметінше, ағымдағы жылдың алғашқы бес айында 297 мыңнан астам рейс бойынша барлығы 6 562 836 тонна жүк тасымалданған. Транзиттің негізгі бөлігі елдің құрлықтағы шекара өткелдері арқылы екі бағытта өтті.
Ұйымның транзиттік және халықаралық көлік бөлімінің басшысы Джавад Хедаяти бұл саланы дамытуда жеке сектордың маңызды рөл атқарғанын атап айтты. Қазіргі уақытта халықаралық жүк тасымалына 2578 компания, жолаушылар тасымалына 64 компания мен филиал тартылған.
Хедаятидің айтуынша, қазір уақытта 12 провинциядағы 26 терминал Иран мен көршілес елдер арасында тауар және жолаушылар алмасу орталығы қызметін атқарады.
















