Иран Беларусьтің Минск қаласында өткен халықаралық көрмеде 50-ден астам әскери жетістігін көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Беларусь астанасы Минск қаласында “MILEX-2025” 12-ші халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесі ашылды.
Көрмеге Ресей, Қытай, Иран, Пәкістан және Үндістаннан келген 150-ден астам компания қатысты.
Сонымен қатар, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі 11-ші халықаралық ғылыми конференция MILEX-2025 12-ші халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесімен тұспа-тұс ашылды.
Аталмыш шараға техника мен қарудың 750-ден астам жаңа үлгісі қойылды.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко құттықтау сөзінде көрменің мамандар мен сарапшыларға Беларусь өндірушілерінің де, шетелдік серіктестерінің де жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретінін баса айтты.
Иран Қорғаныс министрлігінің өкілі, бригада генералы Реза Талайи Ник бастаған делегация көрменің ашылу салтанатына қатысты.
Реза Талайи Ник Иран павильонын аралау барысында Беларусь елінің қорғаныс саласындағы өкілдерімен сөйлесіп, Тегеранның Минскпен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.
















