Иран ғарыш агенттігі биыл 6-8 жерсерігін Жер орбитасына шығаруды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы кеше, сәрсенбі күні Иран ғарыш агенттігінің басшысы Хасан Саларие баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Хасан Салариенің айтуы бойынша, агенттік орбитаға «Каусар», «Зафар-2» және «Толу-3» жерсеріктерін отандық және шетелдік зымыран тасығыштармен ұшыруды жоспарлап отыр.
Саларие мәлімдемесінде биыл барлығы 6-дан 8-ге дейін жерсерік ұшыру жоспарланып отырғанын айтты.
Иран ғарыш агенттігінің басшысы cәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде елінің ғарыштық бағдарламасының ілгерілеуіне қатысты қол жеткізілген жетістіктер туралы хабардар етіп, Иран ғарыш агенттігінің алдағы жоспарын айтты.
Саларие соңғы үш жылда Иранның ғарыш индустриясының инфрақұрылымына қатысты жобалар аяқталғанын, олардың ішіндегі ең көрнектісі ретінде Чабахар ғарыш базасын атады.


















