Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иран ЕАЭО-на тарифтік емес кедергілерді жоюды ұсынды

  • Басты жаңалықтар, Батыс Азия
  • 4 сентября, 2026 17:56

Loading

Иран Еуразиялық экономикалық одақпен сауда байланыстарын тереңдету мақсатында тарифтік емес кедергілерді толығымен жоюды ұсынды.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, 2025 жылдың мамыр айында Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында толыққанды еркін сауда аймағы іске қосылып, тараптар тауарлардың шамамен 90 пайызына кедендік баж салығын нөлге дейін төмендетуге келіскен болатын. Алайда бизнес өкілдері көп ұзамай бұл келісімнің тиімділігін тежейтін басқа да кедергілердің бар екенін байқады. Мәселен, құжат рәсімдеудегі бюрократиялық үдерістер салдарынан көліктер кеден бекеттерінде бірнеше күн, тіпті апта бойы тұрып қалуда.

Ресей Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Шығыс экономикалық форумы аясында Иранның интеграцияның келесі кезеңіне, яғни  тарифтік емес сауда кедергілерін толық жоюға көшу туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді.

Тақырыпқа орай:

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026

Оверчуктың айтуы бойынша, Тегеран техникалық регламенттер, сертификаттау, ветеринариялық және медициналық бақылау мәселелерін реттеуді ұсынып отыр.

Алексей Оверчук:  «Тауарлардың нарықтарымыз арасында жылдамырақ әрі бизнес үшін барынша аз шығынмен қозғалуы үшін техникалық регламенттер, сертификаттау, ветеринариялық және медициналық бақылау мәселелерін шешу қажет», — деді.

Тариф нөл болғанымен, кедергілер сақталуда

Кедендік баждың жойылуы саудадағы барлық мәселені автоматты түрде шешпейді, ал қазіргі таңдағы басты қиындықтардың бірі елдердегі техникалық және реттеуші талаптардың сәйкеспеуі болып отыр. Негізгі мәселелердің қатарына стандарттар мен сертификаттардың сай келмеуі жатады. Себебі құжаттарды өзара мойындаудың бірыңғай тетігі болмағандықтан экспорттаушылар мен импорттаушылар тауарларын қайтадан зертханалық тексеруден өткізуге мәжбүр.

Сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудағы айырмашылықтар орын алады. Мұнда ЕАЭО мен Иран талаптарының кейбір тұстары үйлеспегендіктен шекарада жүк бірнеше күнге дейін тексерілуі мүмкін. Сонымен қатар кедендік рәсімдердің күрделілігі байқалып, тауар құнын бағалау ережелеріндегі алшақтықтар шекарадағы үдерістерді ұзартып, кептелістерге әкеледі. Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев тарифтерді алып тастау саудаға бастапқы серпін беретінін, алайда түпкілікті нәтиже тарифтік емес кедергілерді жоюға тікелей байланысты болатынын атап айтты.

Иран үшін тарифтік емес шектеулерді азайту әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты тұрғысынан айрықша маңызды. Ирандық сарапшы Фархад Парпанджи аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында шекарадағы кідірістердің тез бұзылатын өнімдерге орасан зор зиян келтіретінін айтты. Мәселен, шабдалы, көкөніс пен көк шөп тиелген жүк көлігі фитосанитариялық бақылауда бірнеше күн тұрып қалса, тарифтік жеңілдіктен түскен үнем өнімнің бүлінуінен келген шығынды жаба алмауы мүмкін. Сондықтан Иран үшін бірыңғай талаптар мен жеделдетілген бақылау рәсімдерін енгізу ауыл шаруашылығы экспортының көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Тарифтік емес кедергілердің жойылуы Иранның өнеркәсіптік тауарлары үшін де ЕАЭО нарығына шығуды едәуір жеңілдетуі ықтимал. Иранның автомобиль бөлшектері, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және фармацевтикалық өнімдері баға жағынан бәсекеге қабілетті болғанымен, ЕАЭО талаптарына сәйкес сертификаттау рәсімдері олардың нарыққа жолын қиындатып отыр. Осы ретте талаптарды өзара үйлестіру және қайталанатын сараптамаларды қысқарту логистикалық шығындарды айтарлықтай төмендетіп, тауарлардың түпкі бағасына да оң әсерін тигізуі мүмкін.

Иран мен ЕАЭО арасындағы сауданың дамуы халықаралық көлік бағыттарының, соның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің маңызын айрықша арттырады. InfraNews талдау агенттігінің басқарушы серіктесі Алексей Безбородов көлік инфрақұрылымының тиімділігі тек теміржол, порттар мен терминалдардың өткізу қабілетіне ғана байланысты емес екенін атап айтты. Оның пікірінше, құжаттарды рәсімдеу жылдамдығы да аса маңызды. Егер Иран мен ЕАЭО арасындағы реттеушілік кедергілер жойылмаса, шекарадағы бюрократиялық рәсімдер бүкіл көлік дәлізінің өткізу қабілетін шектейтін орынға айналуы мүмкін.

Тарифтерді жою туралы келіссөздермен салыстырғанда, тарифтік емес шараларды үйлестіру әлдеқайда күрделі үдеріс болып табылады. Себебі бұл санитариялық талаптар, ұлттық қауіпсіздік, техникалық стандарттар және ішкі нарықты қорғау сияқты маңызды мәселелерді қамтиды.

Соған қарамастан, ЕАЭО пен Иран бұл бағыттағы жұмысты жақын арада бастауға ниетті. Егер тараптар техникалық регламенттерді, сертификаттау рәсімдерін және ветеринариялық-фитосанитариялық бақылауды өзара үйлестіре алса, еркін сауда туралы келісім толыққанды жұмыс істейтін тетікке айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Иран тауарларының ЕАЭО нарығына шығуын жеңілдетіп қана қоймай, Еуразиялық кеңістіктегі сауда көлемі мен көлік ағындарының артуына да зор ықпал етуі ықтимал.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: ЕАЭОиранКедергіКеліссөзТариф
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026

Басты жаңалықтар

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай транзиті басталды

Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай транзиті басталды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.