Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи елінің Еуропамен өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделген диалогқа дайын екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы мен Нидерланды сыртқы істер министрлері Аббас Арақчи мен Каспар Велдкамп телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық оқиғаларға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.
Аббас Арақчи сұхбат барысында Иран Ислам Республикасы Үкіметінің басқа елдермен жақсы дипломатиялық қарым-қатынасты сақтауға деген көзқарасына тоқталып: “Иран Еуропа елдерімен өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделген іс-қимыл мен диалогқа дайын”, — деп мәлімдеді.
Каспар Велдкамп Нидерланды мен Иран арасындағы қарым-қатынастың ұзақ тарихына және Иранның аймақтық оқиғалардағы рөлі мен ұстанымының маңыздылығына тоқталып, мемлекетаралық қарым-қатынаста өзара түсіністікке қол жеткізу және келіспеушіліктерді шешу үшін дипломатияның барлық мүмкіндігін пайдалану қажеттігін баса айтты.
Сонымен қатар Нидерланды Сыртқы істер министрі Парсы шығанағындағы Тегеранның үш аралына қатысты мәселенің Иран мен БАӘ арасындағы екіжақты мәселе екенін айтты.
Министр Нидерландының осы саладағы кез келген келіспеушілікті шешу үшін халықаралық құқыққа негізделген Иран мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты қолдайтынын қуаттады.



















