Президент Масуд Пезешкиан Иран Ислам Республикасы, Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше елдер арасындағы еркін сауда келісімі туралы заңды мақұлдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Конституциялық Сақшылар кеңесінің наурыздың 3 күні бекіткен “Иран Ислам Республикасы, Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше елдер арасындағы еркін сауда келісімі туралы заң” 11 наурыз, сейсенбі күні Ислам кеңесі мәжілісінің ашық отырысында қабылданып, Ислам Республикасы Конституциясының 123-бабына сәйкес, Өнеркәсіп, тау-кен және сауда, Экономика және қаржы және Сыртқы істер министрліктеріне жіберілді.
Айта кетейік, мұның алдында Ресейдің Ирандағы Елшісі Алексей Дедов Конституциялық Сақшылар кеңесінің Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекітуін құптап, келісімнің екі жаққа да тиімді әрі екі тараптың мүддесіне толық сәйкес келетінін айтқан болатын.
Еркін сауда келісімінің ережелеріне сәйкес, Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда тауарларының 87 пайызы кедендік тарифтерден босатылады.

















