Иран халқы аятолла Әли Хаменеидің қазасына байланысты шерулерге шығып, жеңіске дейін күресуге уәде беруде.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, 1 наурыз күні Иранның Тегеран, Исфаһан, Мешһед, Құм, Бушер, Заһедан, Хорремабад және басқа да қалаларында, сондай-ақ Ирактың Насирия қаласы мен Пәкістан қалаларында аятолла Әли Хаменеидің қазасына байланысты аза тұту шерулері өтіп жатыр.
Ирандықтар “Мәмілеге жол жоқ! Берілуге жол жоқ! Америкамен соғысамыз! Израильге өлім!” деп ұрандатуда.
Израиль мен Америка Құрама Штаттары кеше, сенбі, 28 ақпан күні таңертең Иранға шабуыл жасады. Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына және Орта Шығыстағы АҚШ әскери базаларына шабуыл жасады.
The Jerusalem Post ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израильдің еврейлердің Пурим мерекесін тойлау қарсаңында Иранға қарсы шабуыл жасауы айқын жоралғылық сипатқа ие.

















