Иран Сыртқы істер министрлігі Қарсыласу қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі Һейсем Әли Табатабаидың өлімін қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Бейруттың тұрғын аудандарына шабуыл жасаған және Қарсыласу қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі Һейсем Әли Табатабаиды өлтірген Израиль режимінің лаңкестік қылмысын қатаң айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде жексенбі күні болған лаңкестікті 2024 жылдың қараша айындағы атысты тоқтатуды өрескел бұзу және Ливанның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігіне жасалған аяусыз шабуыл ретінде сипаттады.
Шабуыл салдарынан ондаған ливандық бейбіт тұрғын, соның ішінде әйелдер мен жазықсыз балалар қаза тауып, жараланды.
Құжатта осы лаңкестік әрекет пен әскери қылмысты жасағаны үшін режимнің басшыларын сотқа тартып, жазалау қажеттігі баса айтылды.
Иран, СІМ, Хейсем Әли Табатабаи, Әскери қылмыс


















