Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Каракаста Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БРИКС елдерінің Парламенттік форумына қатысу мақсатында Латын Америкасына ресми сапармен барған Мохаммад Бақер Қалибаф кеше, дүйсенбі, 2 маусым күні кешке Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті.
Тараптар кездесу барысында екіжақты қарым-қатынас мәселелерін, екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.
ХІ БРИКС Парламенттік форумы 3-5 маусым аралығында Бразилия қаласында өтеді. Форумға Мохаммад Бақер Қалибаф бастаған Иран Ислам Республикасының парламенттік делегациясы қатысады.
Айта кетейік, биыл БРИКС ұйымына Бразилия төрағалық етеді. Ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 28-29 сәуірде өтті. БРИКС саммиті 6-7 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

















