Иран халқы биыл Ислам революциясының жеңісінің 46-шы жылдығын өткен жылдарға қарағанда кең көлемде атап өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, 10 ақпан күні Тегеран қаласының тұрғындары ынтымақ пен бірлік жолында «Енғелаб», «Азади» көшелерінде шеруге шықты.
Бұл күн — махаббат, үйлесімділік және бірауыздылық әкелетін күн.
«Енғелаб» көшесі таңның алғашқы сағаттарынан-ақ Ислам революциясы жеңісінің 46-шы жылдығын атап өту үшін әлемге өз дауыстарын жеткізіп, режим мен революцияны қолдайтындарын, революцияны қорғау үшін жыл сайын шеруге белсенді түрде қатысатындарын білдірген адамдарға толы болды.
Ақпанның оны күні өткен жылдардағыдай, қыстың суығына қарамастан отбасылары мен кішкентай балаларын ерткен ер адамдар, сондай-ақ, революцияның алғашқы күндерінен бері оны берік және табанды түрде қолдаған қарт адамдар шеруге қатысты.
Ислам революциясы жеңісінің мерейтойын атап өтуге арналған шеру Тегеран тұрғындарының қатысуымен басталып, 13 бағыт бойынша «Азади» алаңына дейін жалғасты.



















