Израильдің БАҚ кеше жұма күні Иранның сионистік режимнің құолбасшылық құрылымына енгенін хабарлады.
Израильдік бұқаралық ақпарат құралдары Иран Ислам Республикасы Израильдің Қорғаныс министрлігінде жұмыс істейтін жұмысшыны өздеріне тартып, сол арқылы сионистік режим қолбасшылығының құрылымына жол тапқанын хабарлады.
Израиль Қорғаныс министрлігінде жұмыс істеген осы жұмысшы Израиль Армиясы штабының басшысы Эяль Замирмен Тель-Авивтегі орталық штабта бірнеше рет кездесіп, байланыс орнатқан.
Кездесулердің нақты уақыттары мен сұхбаттарының сипаты мен мазмұны, оның маңызды ақпаратқа қол жеткізу тәсілінің егжей-егжейі әлі жарияланған жоқ.
Әдетте мұндай жағдайларда Израильдің қауіпсіздік және тыңшылық саласының басшылары оқиғаның қырларын анықтау үшін ішкі тергеулерді бастайды.
Бұл хабар жарияланған уақытқа дейін Израиль басшылары ресми реакция білдірген жоқ.












